«Бізде емін-еркін жүруге мүмкіндік берілген. Астананы шектеу – қажеті жоқ дүние. Жедел қадағалауға жеткілікті құралымыз бар. Заң бұзушыларға қатысты ақпараттарымыз бар. Күшіміз де, құралдарымыз да жеткілікті», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, Астана төңірегіне блокпосттар қоюдың еш қажет жоқ.
«Бұрын болған, кейін алып тастадық. Дегенмен, негізгі тас жолдарда бар. Ал қаланы жабу қажеттілігін көріп отырғаным жоқ», - деді Ержан Сәденов.
Естеріңізге сала кетсек, елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин елордада қылмысты төмендету үшін қалаға кіре беріс жолдарда блокпосттар орнатуды ұсынған болатын.