«Құрметті елорда тұрғындар! Елордаға қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Енді қала тұрғындары үш вакцинаның бірін таңдай алады. Олар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac және Sinopharm. Вакцинация коронавирусқа қарсы қорғаныстың жалғыз әрі тиімді әдісі. Солай ғана біз қалыпты өмірімізге орала аламыз», - деп жазды Тимур Мұратов Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Air Astana әуе компаниясы Бейжіңнен тікелей Sinopharm компаниясының Vero Сell вакцинасын жеткізді. Бір млн дозаны жеткізу «СҚ-Фармация» тапсырысы бойынша екі рейспен іске асырылды. Жалпы салмағы 20 тонна болатын медициналық жүк термо-контейнерлерде тасымалданып, 2-ден 8 градусқа дейінгі температуралық режим сақталды.