Елордалық «Барыс» бүгін «Cалават Юлаев» командасымен кездеседі

Фото: Фото: hcbarys.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Cалават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 63 мәрте кездескен. Оның 27-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі бір ойынын сырт айдында өткізіп, 17 қарашада «Сочи» командаларымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда ресейлік «Нефтехимикті» овертаймда жеңген болатын.