«Барыс» «Нефтехимиктен» есе қайтарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 13 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.

хоккей
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Екі күн бұрын өткен екі команда арасындағы тағы бір кездесуде елордалық клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберген еді. Сол олқылықтың орнын бүгін толтыруға тырысты.

Бірінші кезеңде екі команда жылдам гол соғуға күш салды. Дегенмен, ойыншылар тарапынан дәлдік жетіспей жатты. Кездесудің 18-минутында «Барыс» хоккейшісі Әлихан Өмірбеков мергендік танытты.

Екінші кезеңде қос команда да өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде таблодағы есепте өзгеріс болмады.

Екінші кезеңнің 41-минутында «Нефтехимик» сапынан Жан-Себастьен Ди таразы басын теңестірді.

Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша елордалық клуб аталған қарсыласынан өткен кездесудегі жеңілісінің есесін қайтарды.
Енді елордалық клуб алдағы екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 15 қарашада «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездессе, 17 қарашада «Сочимен» шеберлік байқасады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер күресінен Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды.

Соңғы жаңалықтар