Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
08:25, 06 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Түнде Сарыарқа ауданында Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш құралдары жанды.
Жалынға оранған ғимараттан ержүрек өрт сөндірушілер бірінен соң бірі 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып, жарылыстардың алдын алды.
- Өрт 500 шаршы метр аумақта жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.
Бұған дейін елордада Министрліктер үйінің алдындағы аялдама жанында жолаушылар автобусы өртенгенін жазған болатынбыз.