Елордада жолаушылар автобусы өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Министрліктер үйінің алдындағы аялдама жанында жолаушылар автобусы өртеніп жатыр.

Астанада автобус өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Kazinform оқырманы жіберген видеодан Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшелерінің қиылысында, Арқар көпіріне қарай бағыттағы автобус аялдамасында қоғамдық көліктің өртеніп жатқанын байқауға болады. Қазіргі уақытта оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар