Елордалық спортшы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогының жарысы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Тұрсынақынова Толқын сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Фото: Астана қаласының әікмдігі

Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 305 спортшы қатысып, күштерін сынады.

78 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол қарсыластарын жеңіп, нәтижесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Халықаралық турнир 31 наурызға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бүгін Халықаралық дзюдо федерациясы Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін ұсынды.