«Жазғы демалыс кезінде Астана полиция қызметкерлері «Жұмыспен қамту» республикалық акциясын өткізді. Көлік базарында 1999-2001 жылы туған кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Атап айтқанда, 12 жастағы жасөспірім балалар ойыншығын сатумен айналысқан», - делінген хабарламада.
Ол кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Жұмыс берушіге қатысты материалдар Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс басқармасына жіберілді.