Астана қаласы ЖПБ инспекторы Ғалия Абаканова оқушыларға жол қозғалысы ережелері, жолдың қандай бөліктерден тұратыны, жол белгілері мен бағдаршамдардың қажеттілігі, маршруттық автобусты қай жерде күту керегі және жолда өзін-өзі ұстану туралы айтып берді. Балаларға мультфильмдер көрсетіліп, түрлі байқаулар өткізілді. Сабақ соңында оқушыларға жолдардағы қауіпсіздік туралы ақпараттық кітапшалар мен жадынамалар таратылды. Іс-шараның мақсаты балалардың жол-көлік апаттарынан жарақаттануын азайту болып табылады. ЖПБ қызметкерлерінің айтуынша, әр адам жол қозғалысы ережелерін сақтауға міндеті. Балаларға жолда жүру ережелерін кішкентайынан түсіндірудің маңызы зор.
10:18, 23 Қазан 2013
Елордалық оқушылар жолдардағы қауіпсіздік тәртібімен танысты
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Астанада ЖПБ қызметкерлері №67 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларымен «Жол қозғалысы қауіпсіздігі сабағын» өткізді. Бұл туралы Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.