Атап айтқанда, 2629 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды. 18 061 көлік жылдамдықты асырған, 12 231 жүргізуші көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарған. 3012 тәртіп бұзушы қарсы жолға шыққан, 2 404 апатты жағдай тудырған, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 3 676 жүргізуші және ЖҚЕ бұзған 16 730 жаяу жүргінші тіркелді.
Айта кетейік, 11 030 іс процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қарауына жіберілді, соның ішінде 3274 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды.