Елордалық полицейлер қала мен саяжайларда рейдтер жүргізуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер «Стоп-қылмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 180 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Қалалық тәртіпсақшылары қаланың шет аудандарын, соның ішінде саяжайларда жергілікті-рейдтікіс-шаралар өткізуде.

Полициядепартаментінің қызметкерлері саяжай, гараж қоғамдарының, ТҚС, металлсынықтарын қабылдау пункттерінің және т. б. орындарда рейдтер жүргізді.

Іс-шара аясында20-дан астам шетел азаматтары республикада болу ережелерін бұзған. Сондай-ақ 20техникалық қызмет көрсету станциясы, 18 металл қабылдау пункті тексерілді.Тексеру барысында өрт сөндіру жеңдері, аккумуляторлар, автомобиль магнитолдары,айналар және есептен шығарылған мемлекеттік тіркеу нөмірлері, кабельдер менвелосипедтер табылды.

Анықталған 180әкімшілік құқық бұзушылықтар - белгіленбеген орында сауда жасау, суды пайдалануережелерін бұзу, ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктерді ішу, тіркеусіз тұрусынды құқық бұзушылықтарға тиесілі.

Бұдан басқа,полиция қызметкерлері 5 бөтен мүлікті ұрлау, 2 автокөлікті айдап әкету, 4есірткі заттарын тарату қылмыстарын анықтады.