«29 маусымда ІІД іздестіру орталығына Түркия азаматының жоғалған құжаты келіп түсті. Қалалық саябақта орындықта бір әйел шетел құжатын тауып алып, оны полицияға апарып берген. Полицей шетелдікті бірден анықтады. Ол құжатын тауып берген Астана тұрғынына және елордалық полицейлерге үлкен алғыс білдірді», - делінген хабарламада.
Табылған құжаттар туралы ақпарат ІІД ресми сайтында ай сайын жарияланатыны атап өтіледі. Сайтта өз құжаттарын тапқан азаматтар Іздестіру бюросына хабарласа алады.