Демалыс кезінде қаланы білмейтін кісілер сырттан көп келеді. Бала жоғалған кезде 102 қызметіне хабарласу керек, полиция қызметкерлері оны іздеу үшін барлық шараларды қабылдайды. Елордалық ішкі істер департаментінен astana.kz сайтына хабарлағандай, полиция қызметкерлері «адасқан, жоғалған» балалармен жұмыс істеу тәжірибесіне ие.
«Егер бала далада жоғалса, әдетте оларды патруль полициясының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар тауып алады. Сондай-ақ, немқұрайлы қарамайтын жандар, сауда үйлерінің күзетшілері және т.б. балаларды ішкі істер органдарына жеткізуі мүмкін. Полицейлер жоғалған баланың сипаттамаларын сыртқы қызметтер мен бөлімшелерге таратады. Әдетте олар бірден табылады»,- дейді ІІД қызметкерлері.
Егер үш сағаттың ішінде баланы заңды өкілдеріне өткізу мүмкін болмаса, оны жасына қарай денсаулық сақтау мекемесіне (0-3 жас) немесе «Астана қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» МҚМ (3-18 жас) орналастырады. Бұл аумақтық ішкі істер басқармаларында кәмелетке толмаған балаларды ұстау үшін жағдайлардың жасалмауымен (тамақтандыру, жататын орын және т.б.) байланысты.
Кішкентай балаларға қайда және кіммен баратыны туралы ата-аналарына ескерту керек екенін түсіндіру керек. Сонымен қатар, балаларды да қараусыз қалдыруға болмайды. Кәмелетке толмағандар дала, соның ішінде, түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүрген жағдайда, әкімшілік заңнамада ата-аналар мен заңды өкілдерге қатысты жауапкершілік қарастырылған.