Оның атап өтуінше, 13 сәуір күні Көліктегі ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және Астана қалалық ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі қызметкерлері ұзақ әзірліктен соң қызметтік із кесуші иттің көмегімен Астана қаласының тұрғыны - 59 жастағы әйел адамды қолға түсірді. Бұдан бұрын да есірткі қылмысы үшін сотталған оның үйінен 10 келі 536 грамм есірткі заты тәркіленіп алынды.
«Қазіргі таңда есірткі затын тасымалдайтын арнаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру, арнайы және тергеу шаралар кешені жүргізілуде. Аталған қылмыс бойынша мүлік тәркіленіп, 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деді ресми өкіл.