Оның айтуынша, жәрмеңке кешендерін әр ауданда салу көзделіп отыр. Қазір бұл бағытта қала аумағынан жер телімдерін бекіту және тиісті орындарды айқындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарында базарлар көп. Сондықтан бұл аумақта тұрғындар саудаласып, қажетті тауарларын сатып ала алады. Ал қазір негізінен сол жағалауда жәрмеңке кешендерін салу бойынша жоспар құрып отырмыз, — деді Мақсат Жаңабаев.
Басқарма басшысының орынбасарының атап өтуінше. жаңа кешендерде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің фирмалық дүкендеріндегі баға үлгісі қолданылмақ. Мәселен, «Родина» және «Зенченко» шаруашылықтарының фирмалық дүкендерінде өнімдер өндіруші белгілеген бағамен сатылады. Осы тәжірибені жәрмеңке кешендерінде де енгізу жоспарланған. Әсіресе сүт өнімдері және күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына басымдық берілмек.