«Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлемдік аренадағы мемлекетіміздің жоғары мәртебеге ие болуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты»,- деді ардагерлер мен жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеген ПД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев. Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және қылмыспен күресте қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін медальдармен, төс белгілермен, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығы Арман Жалдығұловқа кезектен тыс «полковник» шені табыс етілді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Марченко Максим, ІІ санаттағы «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Арнайы батальон қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Бағлан Молдабаев марапатталды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев жиналғандарды атаулы күнмен құттықтады.
Іс-шара соңында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолында Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі туралы «Бастама және әріптестік» атты деректі фильмі жеке құрам назарларына ұсынылды.