«Мемлекет басшысы Жолдауында ішкі істер органдарын жаңғырту және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделіне көшу басымдықтарын айқындап берді. Егер, қызмет көрсетуге бағдарланған полиция қызметі жайында айтар болсақ, бұл модель полиция мен қоғамға қылмыс проблемаларын шешу, қауіпсіздікті қамтамасыз етуүшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік береді», - деді арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Жергілік полицияқызметі басқармасының бастығы Арман Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру тұрғысынан алып қарағанда сервистік модель ең алдымен қызметкерлер сенімге, серіктестік ұстанымдарына негізделеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ішкі істер министрлігі полицияның учскелік инспекторларының мәртебесін арттыру, халықпен жұмыс істеуде қызмет көрсету әдістерін енгізу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Мәселен, 2021 жылдың шілде айынан бастап, учаскелік полиция қызметкерлеріне полиция атынан жеке және заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасауға түрткі болатын себептер мен жағдайларды жою, олардың орындалуын талап ету бойынша ұсыныс енгізу құқығы жүктелді», - деді ол.
Елорданың Полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде Сарыарқа адуандық полиция басқармасының базасында Қарағанды облысында ілкі жоба ретінде қолған алынған сервистік полицияның жекелеген элементтерін қолға алу жоспарланып отыр. Бұл ретте әкімдік, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, елорданң қоғамдық кеңестері, прокуратура өкілдерінің жетекшілігімен ведомствоаралық топ құрылатын болады. Аталған топ аудандағы қылмыстарға сараптама жасап, қауіпсіздік проблемаларын айқындайтын болады және оларға қарсы шұғыл әрекет ету іс-шараларын әзірлейді.