НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдеріне браконьерлер жаралаған «Охотзоопром» қорықшысы Қаныш Нұртазиновтің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Охотзоопром»қорықшысының жағдайы тікелей менің бақылауымда. Күн сайын оның жағдайы туралыақпарат келіп тұрады.Дәл қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніптұрған жоқ. Толық ем алуын жалғастырады», - деді министр.
Еске салсақ,бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновтің отбасынакөмек көрсетілетіндігін мәлім етті.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.