Бұл құжатты Мәжіліс биыл 18 наурызда бірінші оқылымда мақұлдады.
— Заң еңбек саласындағы жекелеген құқықтар мен кепілдіктерді жетілдіруге бағытталған. Құжат медициналық куәландыру уақытын төлеу рәсімін айқындауға, әлеуметтік әріптестікті дамытудағы жергілікті органдардың өкілеттіктерін бекітуге және еңбек инспекторларының біліктілігіне талаптарды күшейтуге бағытталған, — деді депутат Кұдайберген Бексұлтанов.
Жұмыс барысында депутаттармен келесі түзетулер енгізілген:
— техникалық инспекторлардың құқықтарын және олардың қызметіне ақы төлеу тәртібін нақтылау;
— әлеуметтік әріптестік мүшелерінің бастамасы бойынша өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдерді іске асыру туралы есепті тыңдау;
— қызметкерлердің скринингтік зерттеулерден өту тәртібін анықтауға қатысты өзгерістерді қамтиды.