- Қазір жарамсыз құжаттарды қайта пайдалану фактілері анықталып жатыр. Осы секілді фактілерді болдырмау мақсатында, жаңа паспортты ресімдеу кезінде ескі паспортты дереу алып қою ұсынылады. Ал паспортты уақытша пайдалану қажет болған жағдайда (жаңасын алғанға дейін) азаматтарға себебін көрсете отырып, ерікті өтініш жазу негізінде ескі паспортты қолында қалдыру мүмкіндігі беріледі, - делінген құжат мәтінінде.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарларға әкеп соқпайтынын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейтінін хабарлап отыр.
Құжат жобасы 2025 жылғы 26 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Kazinform тілшісі Қазақстан паспортының сапасы мен сипатына талдау жасаған еді.
Айта кетейік, Қазақстанда паспорттың 3 түрі қолданылады: жалпы азаматтық, қызметтік және дипломатиялық.