Енді тұтынушылардың құқығын виртуалды көмекші қорғайды

Фото: ortcom.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту мақсатында виртуалды көмекші әзірлеп жатыр.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті.

— Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған виртуалды көмекшіні әзірлеу кезеңін аяқтадық. Жасанды интеллекті элементтері бар агент қазір тестілеу сатысында тұр, — деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министрлікте келесі жобалар бойынша жұмыс жүріп жатыр: 

— Ұлттық стандарттар кітапханасы бойынша виртуалды көмекші;
— Сынақ жүргізуге арналған зертханалық базаны іріктеу бойынша виртуалды көмекші;
— Сауда ағынын талдау модулі.

Сондай-ақ елімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады. 

Айта кетейік, елімізде жаңа сауда маркетплейсін іске қосу пысықталып жатыр.