Энергетика министрі солтүстік өңірге газ тарту жобасы жайында түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев солтүстік өңірге газ тарту да айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. жобасы жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

«Үкімет басымдық беріп отырған жұмыстардың бірі - елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру. Орталық және солтүстік өңірлерге газ тарту мақсатында 2019 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» құбырынан газ алатын «Сарыарқа» құбырының бірінші кезеңі іске асырылды.

2022 жылғы маусымда «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамы «Сарыарқа» құбырының 2 және 3-кезеңінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық құжатты әзірледі. Оның аясында құны 188,5 млрд теңге болатын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына газ тарту жобасы ескерілген. Алайда, былтырғы жылу беру маусымында газды ішкі тұтынудың күрт артуын ескере отырып, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» 106 пайызға жүктелді, яғни жобалық мүмкіндіктен тыс жұмыс істеді», - деді А. Сәтқалиев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу кезінде.

Оның айтуынша, QazaqGaz «Бейнеу-Бозой-Шымкент» бағытында екінші желіні жобалау бойынша жұмысты бастады. Оның аяқталу мерзімі осы жылдың соңына дейін белгіленді. Жобаны 2027 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Петропавлдағы ЖЭО-ны жөндеуге 5 млрд теңгеден астам инвестиция салынбақ.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу кезінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы күздегі жылу беру кезеңіне дайындық жайында түсінік берді.