Асқар Нұрмұханбетұлы Қонақбаев 1985 жылы дүниеге келген.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Ауыл Газ» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып бастаған.
Әр жылдары газ саласында басшылық қызметтер атқарған. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Ақтау филиалына жетекшілік еткен.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да еңбек етіп, жетекші маманнан департамент директорына дейінгі еңбек жолынан өтті.
Осыдан бұрын Маңғыстау облысының бала құқықтарын қорғау басқармасының жаңа басшысы келгенін жаздық.