«Энергия беретін нысындардың отын қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жинақталған. Сонымен қатар нормадан төмен отын қоры 5 станцияда байқалды», - деді Жандос Нұрмағанбетов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің қомақты сомасы жинақталған.
«Энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамы алдындағы берешегі 12 млрд 972 млн теңгені құрады. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» ЖШС алдында 6 млрд 923 млн теңге сомасында берешегі бар. Энергетикалық кәсіпорындар берешекті өтеуді жеделдетуі керек», - деді вице-министр.