Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.
Энтони Блинкен сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерден бөлек, Орталық Азиядағы бес республиканың өкілдерімен «С5 1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.
Жалпы, «С5 1» форумы АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударады.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанынан 3 наурызына дейін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарлайтындығын жазған едік.