- Егер олар тиісті талаптарды орындаса, біз де өз міндеттемемізді орындауға, бастамаларды қолдауға дайынбыз. Армения шын мәнінде Еуропа Одағына қарай бет алып келеді. Мәселен, қазіргі уақытта ЕО визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп отырған жалғыз ел - Армения, - деді Марта Кос.
«Арменпресс» агенттігінің ақпаратына сай, комиссар брифингте ЕО-ның Армения экономикасына әрі қарай да қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл бағытта нақты жоспарлар мен шаралар легі әзірлеген.
Еске салайық, кеше Армения парламентінде депутаттар төбелесті.
Қоса кетсек, таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясында сөз сөйлеген Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказ өңіріндегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, өзара тиімді қарым-қатынастың негізі болатын бірінеше факторды атады.