Алешка Симкич құжаттар кейін виза мәселелері бойынша түпкілікті шешім қабылдауға құзыретті Еуропалық одаққа мүше мемлекеттерге жолданатынын да атап өтті.
— Визалық рәсімдерді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтадық. Бірақ құжатқа әлі қол қойылған жоқ, сондықтан ол әзірге күшіне енген жоқ. Енді келісім Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің қарауына жіберіледі. Виза беру мәселесі Еуропалық комиссияның емес, ЕО-ға мүше мемлекеттердің құзыретіне жатады. Комиссияға тек осы келісім бойынша келіссөздер жүргізуге мандат берілген болатын. Енді құжатты ЕО-қа мүше мемлекеттер мақұлдап, ресми түрде бекітуі қажет, — деді елші.
Алешка Симкичтің айтуынша, келісімді бекіту рәсімі бірнеше айға созылуы мүмкін.
— Нақты мерзімін айта алмаймын. Менің ойымша, бұл бірнеше айға созылады. Еуропалық одақтың жұмыс тәртібі осындай, бюрократиялық рәсімдер де белгілі бір уақытты талап етеді. Дегенмен, бұл үдеріс мүмкіндігінше тезірек аяқталады деп үміттенеміз. Мерзім мәселесі біздің құзыретімізге кірмейтіндіктен, нақты уақытын айту қиын, — деп түйіндеді Алешка Симкич.
Бұған дейін Визалық талаптарды жеңілдету жөніндегі келіссөздер аяқталғанын жазғанбыз.