Ер адам он екінші калибрлі қарудан досын атып өлтірді - Астана қаласының ІІД

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат үштер шамасында Астана қаласының ІІД-не ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына барған жедел-іздестіру тобы тұрғын үйдегі лиф жанынан қастандықпен өлтірілген ер адамның денесі табылды.

Астаналық ІІД тегеу басқармасы қызметкерлері анықтағанындай, полицияны бір әйел шақырған көрінеді. Тергеу барысында жақында күйеуі мен оның досының арасындағы жеккөрушіліктен жанжал туындағаны анықталды. Нәтижесінде күйеуі досының он екінші калибрилі қаруымен атады, басынан жарақат алған досы оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі кезде оқиғаға байланысты тергеу шараларын жүргізілуде. Оқ атылған қару айғақ ретінде тіркелді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 96-бабымен («Адам өлтіру» ) қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыскер Астана қаласының Іід уақытша ұстау изоляторына қамалды.