Эр-Риядтағы қаржы орталығына шабуыл мұнай нарығына қалай әсер етті

АЛМАТЫ.KAZINFORM — Сәрсенбі күні әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді.

Фото: Kazinform\ЖИ

Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнай баррелі 1,36%-ға арзандап, 90,16 доллар болды.

WTI маркалы мұнай 1,56%-ға төмендеп, барреліне 80,77 долларға дейін түсті.

Ал ресейлік Urals маркалы мұнай 5,35 долларға немесе 7,2%-ға арзандап, барреліне 68,97 доллар болды.

Аймақтағы шиеленіс мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді сақтап отыр. Бұған дейін Араб коалициясы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы қаржы орталығының мұнараларының біріне шабуыл жасалғанын хабарлаған еді.

Мұнай нарығына ОПЕК+ альянсының шешімі де әсер етуі мүмкін. Альянсқа мүше елдердің министрлері 29 қарашада бас қосып, 2027 жылға арналған мұнай өндіру саясатын айқындайды.