Эр-Риядтағы қаржы орталығына бір апта ішінде екінші рет шабуыл жасалды
АСТАНА. KAZINFORM - Араб коалициясы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы қаржы орталығының мұнараларының біріне шабуыл жасалғанын хабарлады. Бұл туралы Анадолы жазды.
Араб коалициясының өкілі Түрки әл-Малики бұл туралы америкалық X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, нысанаға жасалған шабуыл қорқақтықтан туындаған террористік әрекет.
Шабуылдың нақты сипаты, оны ұйымдастырушылар, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ. Оқиға орнында тергеу басталды.
Еске салайық, 11 қарашада хуситтер Сауд Арабиясының Янбу ауданындағы №11 сорғы станциясына ұшқышсыз ұшу аппаратымен соққы жасағанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар олар Эр-Рияд халықаралық әуежайына шабуыл жасалғанын хабарлады.
Кейін Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы Сауд Арабиясындағы «Шығыс – Батыс» мұнай құбырының сорғы станциясына дронмен қайта шабуыл жасағанын мәлімдеді.
14 қарашада хуситтер Эр-Рияд әуежайы мен Сауд Арабиясындағы мұнай құбырына шабуыл жасағанын хабарлады.
Ал 15 қарашада олар Эр-Рияд әуежайы мен қаржы орталығына зымыранмен соққы бергенін мәлімдеген болатын.