Қаладағы тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі жұмыс істеп тұр. Полиция департаменті штаттық режимде қызмет атқауда. Барлық мектеп пен балабақша ашық, халықты жинау пункттері сақадай сай.
«Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимге көшті. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», - деп хабарлады әкімдіктен.