Мемлекет басшысы ұлттық технологиялық бастаманың арқасында Түркия қуатты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық инфрақұрылым құрғанын, оған тек санаулы елдер ие екенін атап өтті.
Ердоғанның айтуынша, 2025 жылы Түркия әлемнің 180 елі мен аймағына 10 миллиард доллардан астам сомаға қорғаныс және аэроғарыш өнімдерін экспорттады.
Президент сонымен қатар Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайының терминалдарын Terminal İstanbul брендімен әлемдегі ең ірі технологиялық және кәсіпкерлік хабына айналдыру жоспарын жариялады.
- Түркия үшін жоғары технологияларға инвестиция салу - таңдау емес, қажеттілік. Біз қосылған құны жоғары өндіріске көшуді жеделдетуіміз керек, - деп атап өтті түрік көшбасшысы.
Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия жүк тасымалына электронды рұқсат беру жүйесін енгізді.