Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Алматыдағы «Феникс» балалар түзету орталығында болған.
– Алматы қаласы Әйтеке би көшесінде орналасқан «Феникс» орталығында диагнозы бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соғады. Балалардың басынан таяқпен, жұдырықпен ұрып, қорлық көрсетеді – мұның бәрін ата-аналар өз көздерімен көрді. Бейнежазбаларды полиция алып кетті. Біз, ерекше балалардың ата-аналары, орталық жұмысын ары қарай да жалғастыра ма деп қорқамыз. «Феникс» орталығының директоры өз қызметкерлерін қорғаштап отыр, - деп жазды бейнежазбаны жариялаған ата-аналардың бірі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде баланы ұрып-соғып, базарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген өгей әке сотталды.