Ерекше білім беру әдістемесін қажет ететін 237 мың баланың 70 мыңы балабақша жасында

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында ерекше балаларды орта біліммен қамтамасыз ету қалай ұйымдастырылып жатқанын мәлім етті.

Фото: Үкімет

- 2025-2026 оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала тіркелген. Оның 70 мыңы жалпы балабақша жасында. Ал 165 мың бала мектеп жасында, - деді ол.

Министр аталған санатқа жататын балалардың 213 мыңына арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

- 96 мыңнан астам бала жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті жағдайда білім алады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды.