Атап айтқанда, ауданның 36 жастағы тұрғыны жалдамалы үйде марихуана өсірумен айналасатыны анықталды.
— Үйді тінту кезінде қарасора бұталары бар 59 құмыра, марихуана тұқымдары, электронды таразылар, ультракүлгін шамдар, термометрлер, жылытқыштар, салқындатқыштар және басқа жабдықтар табылды. Сараптама қорытындысына сәйкестінту барысында алынған өсімдіктерде есірткі заттары анықталған, — деп хабарлады прокуратурадан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәлі тұлға мойындау айғақтарын беріп, прокурормен іс сотқа жіберілген.
Аудан сотының үкімімен ол қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.