Еркебұлан Анапия тәжікстандық қарсыласын айқын жеңіп, финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатының финалына шықты.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында тәжікстандық Мухаммад Султонзоданы 13-3 есебімен жеңді.

Енді Еркебұлан финалда Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейнимен белдеседі.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өтетін белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротамен күреседі.

67 келіге дейінгі салмақта Досбол Шамиль үндістандық Ануджбен қола жүлдеге таласады.

Сондай-ақ 97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев Қытай өкілі Синью Люмен қола жүлдені өзара сарапқа салады. 

Айта кетелік Қазақстан грек-рим күресінен U20 Азия чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алған еді