Еркебұлан Анапия U20 әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM - Братиславада (Словакия) өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында Қазақстан балуаны Еркебұлан Анапия финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

77 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш белдесуінде қазақстандық спортшы Грекия өкілі Адамантиос Пападатосты 8:1 есебімен жеңді.

Еркебұлан Анапия қола медаль үшін өтетін белдесуде Иран балуаны Амир Махди Саиди Навимен кездеседі.

Ал 130 келіге дейінгі салмақта Бақтияр Қазиев Қытай өкілі Чэнмао Цуйдан жеңіліп, әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.

Айта кетейік, жарыстың финалдық кезеңі бүгін, 17 тамызда өтеді.

Осығн дейін U20 әлем чемпионатында Қазақстанның екі балуаны жұбаныш белдесуіне шығатыны туралы жаздық.