Еркебұлан Иембердиев Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол Алматы экономика және статистика академиясында «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын мемлекеттік статистика жүйесінде 2011 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалының үй шаруашылықтары статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы қызметінен бастаған.
Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл. Оның барлығы мемлекеттік статистика жүйесіндегі қызметпен байланысты. Осы кезеңде Ұлттық статистика бюросы мен Ақпараттық-есептеу орталығы жүйесінде маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі кәсіби еңбек жолынан өтті.
2023-2025 жылдары Алматы қаласы бойынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК филиалының басшысы қызметін атқарып, ішкі бизнес-процестерді жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және филиал жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы жобаларды табысты жүзеге асырды.
Тағайындалғанға дейін Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды.
Көп жылғы адал еңбегі үшін «Статистика үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Айта кетейік, бұған дейін Данияр Молдахметов Талдықорған қалалық сотының судьясы болып тағайындалғанын жаздық.