АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Болат Сақаев (79 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Бекзод Абдурахмановпен шеберлік байқасты.
Нәтижесінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Атахуновты жеңіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Сондай-ақ, Рахат Қалжан Азия чемпионатында қола алды.
Енді ел құрамасынан Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.