Еркін күрес: Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды

None
Фото: olympic.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Санжар Досжанов (70 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Зафарбек Тихоновпен шеберлік байқасты.

Алғашқы сәттен Санжар қарсыласына қарсы шабуылға шықты. Әдіс-тәсілді қолдануға тырысты. Нәтижесінде осындай әдісі арқылы екі ұпайға қол жеткізді.

Осылайша ол қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Санжар Досжанов алдымен Оңтүстік Корея өкілі Пак Су Хенді қапы қалдырса, одан кейін қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовті, Мортеза Гиасиді жеңді. Финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Зафарбек Атахунов.

Енді ел құрамасынан Болат Сақаев (79 келі) финалда белдеседі.

Ал Мұхтар Санжар (65 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.

Қазірге дейін ел құрамасынан Рахат Қалжан (57 келі) қола медаль алды.


Соңғы жаңалықтар