АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 14 сәуірде еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде финалға 4 балуан жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күресті.
Олардың арасынан Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) финалға дейін жетті.
Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады. Жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін сайысқа түседі.
Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте 3-орынға тұрақтады. Еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.
Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 3 қола медальмен төртінші орын алды.
Ал еркін күрестен жарыстың алғашқы күнінде қоржынға 2 алтын, 1 қола түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.