Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова жеңісі жөнінде ойын айтты

None
Фото: facebook.com/Асхат Оралов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатында чемпион атанған Жәмила Бақбергенова (72 келі) жеңісі жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық балуан финалда жапониялық Сумире Никураны қапы қалдырды.

Оған дейін тайпейлік Хунг Пин-ценд және моңғолиялық Даваансан Енх Амарды жеңді.

«Қарсыласымның бойы менен аласа болды. Сондықтан оған қарсы әдіс қолдануға қажет еді. Сол ойымды жүзеге асырдым. Қарсыасыммен екінші мәрте кездесіп отырмын. Екеуінде де одан басым түстім. Ол - жас болғанмен тәжірибелі балуан», - деді Жәмила.

Айта кетсек, әйелдер күресінен ел құрамасынан Жәмиладан өзге Эльмира Сыздықова (76 келі) чемпион атанды.

Ал Марина Седнева (55 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Нилуфар Раимова (57 келі) қола алды.


Соңғы жаңалықтар