АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.
74 келіге дейінгі салмақта өткен 1/8 финалда отандасымыз Пәкістан балуаны Инаят Уллахты жеңді.
Енді Нұрқожа Қайпанов ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Хан Дэ Гильмен белдеседі.
Осыған дйін Эльмира Сыздықова күрестен Азиаданың күміс жүлдесін иеленген болатын.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.