Еркін күрестен қазақстандық балуандар 3 лицензиялық жарысқа қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Еркін күрестен қазақстандық балуандар алдағы Париж Олимпиадасына жолдаманы сарапқа салатын үш жарысқа қатысады.

Фото: qaz_olympics

Алдымен 19-21 сәуір күндерінде Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында құрлықтық іріктеу турнирі болады. Оған еліміздің атынан бес балуан қатыса алады.

Сондай-ақ, қазақстандық балуандардың Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін әлемдік іріктеу турнирінде жолдаманы иеленуге мүмкіндігі бар.

Ал 9-12 мамырда әлемдік іріктеу турнирі жалауын көтереді. 

Қазірге дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 келі) Олимпиада жолдамасына ие болған. 
Қазір еркін күрестен оқу-жаттығу жиыны Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық базасында өтуде.

Айта кетсек, Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізеді.

Дүбірлі дода 28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.