Күрес түрлерінен Олимпиадаға енбеген салмақтар бойынша ӘЧ өтеді

спорт
Фото: kartinki.pics

АСТАНА. KAZINFORM - Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізеді.

Дүбірлі дода 28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Жарыс сол елде 21-27 қазан аралығында өтетін 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін басталады.

Жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына еркін күрестен 61, 70, 79 және 92, әйелдер күресінен 55, 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесі енгізілмеген. Сондай-ақ, Олимпиадада грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар жарысқа қатыса алмайды.

Еске салсақ, Зарина Раифова пара дзюдодан Гран-при турнирінде алтын алды.

Соңғы жаңалықтар
telegram