Еркін күрестен Маис Алиев Азия чемпионатында топ жарды
22:35, 20 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Вьетнамның Вунгтау қаласында еркін және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында Маис Алиев (70 келі) жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Нұрдәулет Бекенов күміс алса, Зейнеп Баянова (53 келі) мен Тыныс Дүбек (62 келі) қола жүлдегер атанды.
Құрлықтық додада грек-рим күресінен қазақстандық балуандар барлығы 8 жүлде жеңіп алды. Оның 4-уі алтын, 3-уі күміс, 1-уі қола.
Азия біріншілігінде Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Ерасыл Мамырбеков (55 келі) топ жарды.
Ал Юсуф Мациев (97 келі, Джохар Узаров (130 келі) пен Максат Сайлау (87 келі) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.