Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық жастар 3 алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 17-23 жас санатындағы балуандар арасында Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті.

Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық жастар 3 алтын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

18 маусымда грек-рим күресінен 7 салмақта үздіктер белгілі болды. Олардың арасында 23 жасқа дейінгі ұлттық құрама мүшелері 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ел құрамасынан Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі) чемпион атанса, Юсуф Мациев (97 келі), Джохар Узаров (130 келі) күміс, Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдеге қол созды.

Бүгін, 19 маусымда ел құрамасынан Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Ондасын Хамитов (63 келі), Серғазы Әбдіқадыр (72 келі), Мақсат Сайлау (87 келі) жүлделерді сарапқа салады.

Еске салсақ, қазақстандық төрешілер күрес түрлерінен әлем чемпионатында қызмет атқарады.

Соңғы жаңалықтар