«Әлбетте, маған артылған сенімді ұғынып отырмын. Бүкіл тәжірибемді, бар күш-жігерімді қала тұрғындарының сенімін ақтауға жұмсаймын. Нақты әрекеттермен ісімізді жүргіземіз», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, бұған дейін қала басшысы әртүрлі салада қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, қоғамдық көліктер 600-ге жуық жаңа автобуспен толығып, алдағы үш жылда 10 мектеп салынады.
Сондай-ақ, шымкенттік компания тоқыма өнімдерін Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығаруды көздеп отыр.