Ерлан Қарин: Мемлекет Жазушылар одағының жұмысына ерекше мән береді
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Жазушылар Одағының құрылғанына 90 жыл толғанына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Ерлан Қарин салтанатты жиында Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді, сондай-ақ қазақ руханиятының қарашаңырағы жөніндегі ой-пікірін ортаға салды.
– Мемлекет әдебиетті дамыту ісіне және әдеби ортаның жалпы ахуалына айрықша назар аударады. Жазушылар одағының жұмысына ерекше мән береді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаламгерлерге деген ықыласы мен құрметін баршаңыз жақсы білесіздер. Ол мемлекеттің басшысы ғана емес, жазушының перзенті ретінде де төл әдебиетімізге бей-жай қарамайды. Соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстар – осының айқын көрінісі,- деді Ерлан Қарин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қарин жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар тапсырма бергенін жазған болатынбыз.