Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің құрамы қалай жасақталғанын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшелері ұйымның алдына қойылып отырған міндеттер туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚРПрезидентінің Кеңесшісі, Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан ҚаринҰлттық кеңестің ҚР Президенті жанындағыконсультативтікеңесші орган болатынын айтты.

«Кеңестіңнегізгі мақсаты - жұртшылықтың, саясипартиялардың азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды мәселелерге қатысты ұсынымдарды тұжырымдау.Негізгі міндеттері - мемлекеттік бағдарламалар меннормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу және жұртшылықтың,азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып, маңызды проблемаларды талқылау.Жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттікоргандар өкілдері арасында сындарлыдиалогты қамтамасыз ету. Ұлттық кеңестің төрағасы Президенттің өзі болып табылады», - деді Ерлан Қарин.

Кеңесхатшысы ұйымның құрамына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері кіргенін айтады.

«Кеңестіңқұрамын анықтау үшін соңғы бір айда консултациялар өткізілген болатын. Солконсултацияларда айтылған пікірлерді жүйелеп, осындай шешімге келдік. Қоғамбелсенділері мынандайтәртіпке сәйкес іріктелді. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық маңызы бар мәселелердітұрақты көтеріп жүрген белсенділер, нақты бір сала бойынша шұғылданып жүргенкәсіби мамандар кеңеске кірді. Оларқоғамның барлық саласынан іріктелді. Саяси-қоғамдық алаңдардың, түрлі саясикүштердің өкілдерін тартуға тырыстық. Ескі оппозиция өкілдері де, жаңа қалыптасыпкеле жатқан қарсы топтардың өкілдері де бар», - деді ол.

Еске салсақ,ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғамдықсенім кеңесін құру керектігі туралы алғаш айтқан болатын.

Кейін Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынанҰлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды

Белгілісаясаттанушы Айдос Сарым аталмыш Кеңеске қоғамға сөзі өтетін азаматтар көптепеніп, олар бір-біріне құрметпен қарай отырып, тиісті шешімдерді шығаруғақауқарлы болуы керек деген пікірде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтарымен гранттарын табыстау рәсімінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне БАҚ өкілдерікіруі тиістігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар